Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алаштанушы: «1937 жылы қазақ зиялылары бірін бірі көрсеткен, бәрі содан атылып кеткен» деген қате пікір

20:00, 18 қыркүйек 2024 781

Ел ішінде "37 жылы қазақ зиялылары бірін бірі көрсеткен, бәрі содан атылып кеткен" деген әңгіме бар. Қате пікір. Советтік террорды зерттеген еуропалық және ресейлік тарихшылар "доностың" әсері ары кетсе 0,5 пайыз болған деген тұжырым жасапты. Бәрін Сталин және Саяси бюро мен НКВД ұйымдастырған.

Былтыр Мәскеуде "Алашорданың" 100 жылдығы туралы деректі фильм түсіріп жүріп, алаштанушы Дина Аманжоловадан "Сіз Алаш тарихына ресейлік архив деректері негізінде де көп үңілесіз. Қазақ зиялылары мен Қазақстанды басқарған тұлғалардың Сталинге жазған доносы басқа халықтан көп дейді, сол рас па?" деген сұрақ қойдым. Дина Ахметжанқызы: "Осы сұрақты Ресейдегі ең мықты сталинтанушы (аты-жөнін ұмытып қалдым, таспаға жазылмапты) ғалымға қойып көрдім. Ол кісі "Сталинге барлық республикадан ағылып-төгіліп донос келіп жатқан, ана халық көре алмаушы, мына халық арлы деген жаңсақ пікір деп жауап берді" деді. Бәрі Сталин арқылы ықпалға таласқан дейді.

Соған қарағанда, қазақты "көре алмаушы, бірін бірі көрсеткіш" деп кіналаудың қажеті жоқ. Террорды ұйымдастырған Сталин мен НКВД және оның жергілікті құйыршықтары.

Әрине, донос болған, оны ақтаудың еш реті жоқ.

Алаштанушы, журналист Болат Мүрсәлім

Facebook парақшасынан

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар