Бұл съезді ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатовтар. Съезге Самарханд облысы мен Алтай губернниясы атынан - 58 өкіл, әр түрлі қазақ ұйымдарынан - 8 өкіл, арнайы шақырумен - 15 адам, барлығы - 81 адам қатысқан.
Алғаш болып баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Осы баяндама бойынша қаулы қабылданып, қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесін құру мәселерін қарауға жеті адамдық комиссия құрылған. Комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды. Баяндама негізінде:
1. Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарханд облыстары, Амудария, Закаспий облыстарындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы қазақтар қазақ автономиясының құрамына кіреді.
2. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын. Ұлт кеңесі құрылып аты «Алаш Орда» болсын. Алаш Орданың ағзасы (мүшесі) 25 адам болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырылсын.
3. Алаш орданың уақытша орны - Семей қаласы болсын.
Алашорда үкіметінің мүшелері:
1. Уәлитхан Танашев (1887 - 1968) заңгер, Бөкей ордасынан.
2. Халел Досмұхаммедов (1883 - 1939) әскери дәрігер, Орал облысынан.
3. Айдархан Тұрлыбаев (1877 - 1937) заңгер, Ақмола облысынан.
4. Ахмет Бірімжанов (1871 - 1927) заңгер, Торғай облысынан.
5. Халел Ғаббасов (1888 - 1931) физик-математик, Семей облысынан.
6. Салық Аманжолов (1889- 1941) заңгер, Жетісу облысынан.
7. Мұстафа Шоқай (1890-1941) заңгер, Сырдария облысынан.
Облыстардан тысқары:
8. Әлихан Бөкейханов (1866-1937) Алаш Орда үкіметінің төрағасы.
9. Жанша Досмұхаммедов (1887 - 1930) заңгер, Орал облысынан.
10. Әлімхан Ермеков (1891-1970) математик, Қарқаралыдан.
11. Мұхаметжан Тынышпаев (1879-1937) Орал облысынан.
12. Бақтыкерей Құлманов (1859-1919) шығыстанушы, Бөкей ордасынан.
13. Жақып Ақпаев (1876-1931) заңгер, Қарқаралыдан.
14. Базарбай Мәметов заңгер, Лепсіден.
15. Отыншы Әлжанов (1873-1918) мұғалім, Шығыс Қазақстаннан.
Мүшелікке кандидаттар:
1. Иса Қашқынбаев (1891-1948) дәрігер, Орал облысынан.
2. Нүсіпбек Жақыпбаев (190-1932) дәрігер, Жетісудан.
3. Ережеп Итбаев (1873-1930) заңгер, Шығыс Қазақстаннан.
4. Сатылған Сабатаев (1874-1921) Қаскелеңнен.
5. Есенғали Қасаболатов (1889-1938) дәрігер, Оралдан.
6. Батырқайыр Ниязов (1872-1924) заңгер, Бөкей ордасынан.
7. Мұқыш Боштаев (1888-1921) заңгер, Баянауылдан.
8. Сейілбек Жанайдаров (1884-1929) заңгер, Атбасардан.
9. Сәлімгерей Нұралиханов (1878-ө.ж.б) заңгер, Бөкей ордасынан.
10. Өмір Алмасов (?-1922) халық мұғалімі, Торғайдан,
11. Сейдәзім Қадырбаев (1885-1938) заңгер, Торғайдан.
12. Аспандияр Кенжин (1887-1938) халық мұғалімі, Атыраудан.
13. Молданияз Бекімов (1882-1930 жылдардан соң белгісіз) әскери қызметкер, Оралдан.
14. Есен Тұрмағамбетов (?-?) Торғайдан.
15. Жанеке (Жақып) Солтоноев, мал дәрігері, қырғыз.
Алашорданың оқу комиссиясының мүшелері:
1. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жыл).
2. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1917 жылы).
3. Елдес Омаров (1892-1937) Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жыл).
4. Биахмет Сәрсенов (1885-1921) Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген.
5. Телжан Шонанов (1894-1938) Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).
Сиезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтап қалу үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - Семей (кейін Алаш-қаласы атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «Сиездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады...». Бірақ, отарландыру саясатын ұстанған Ресейде қазақтардың дербес автономияда өмір сүруіне жол берілмеді. Сондықтан Алаш арыстары ұлт бостандығы үшін бәлшебектермен ұзақ-сонар күресін бастап кетті...
Дәулетқали Асауов
АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫНА КІМДЕР МҮШЕ БОЛДЫ?
2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды: Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты
13:00, 16 қыркүйек 2026
«27 күн бойы іздеуде»: ШҚО-да Бұқтырма өзенін кесіп өтпек болған тракторшы жоғалып кетті (ФОТО)
11:43, 16 қыркүйек 2026
«Әйелін өлтіріп, сосын өзі өлген»: Астанада қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алды
11:08, 16 қыркүйек 2026
«Өзі бірінші сұқты»: Сыныптасын пышақтады деп айыпталған оқушы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
10:44, 16 қыркүйек 2026
Air Astana Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіреді
10:36, 16 қыркүйек 2026
«Қазақстан маған өте көп нәрсе берді. Өте ризамын»: Елена Рыбакина елге алғыс айтты
09:24, 16 қыркүйек 2026
«Сүйінші, Қазақ елі!»: Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті
21:00, 15 қыркүйек 2026
Алтын медаль жеңіп алды: Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында топ жарды
20:00, 15 қыркүйек 2026
«Маңызды шешім! Алда жаңа белес»: Жаңа қызметке тағайындалған экс-министр жазба жариялады
18:11, 15 қыркүйек 2026
Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келісті – Трамп
17:46, 15 қыркүйек 2026
АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: СІМ қазақстандық әйелге қатысты мәлімдеме жасады (ФОТО)
17:00, 15 қыркүйек 2026
Кенесары ханға тіл тигізген қос қырғыз қызы үшін Бішкек университеті кешірім сұрады (ВИДЕО)
16:22, 15 қыркүйек 2026
«Баланың шыңғырып жылаған дауысы шыққан»: ШҚО полициясы сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)
15:11, 15 қыркүйек 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Экс-министр Асхат Оралов лауазымды қызметке тағайындалды
14:28, 15 қыркүйек 2026