1917 жылы феврал төңкерісінен кейін қазақтың ұлтшыл зиалылары Керенскийдің уақытша үкіметін сүйемелдеді, халыққа құрылтайдың пайдалы екенін түсіндірді, қайта-қайта жалпы қазақ сиезін шақырып, байшыл-бұқарашыл ресей мемлекетінде қазақтың автономиясының қай түрлі болуын, барлық қазақ облыстарын біріктіруді кеңесті.
Қазақ жұртшылығында ол кезде ерекше белсенділік еткен қазақтың бетке шығары (байы, саудагері, әкімедері) болды. Ұлтшыл оқығандар да осылардың ыңғайы мен болып, солардың сойылын соқты. Қазақ оқығандары жалпы қазақ халқының пайдасын көздеген болып, расында әлгі бетке шығар дәулеттілердің пайдасын көздеді, қара бұқараның мұңына, мұқтажына зер салады. 1916 ншы жылғы қазақтың патша үкіметіне қарсы көтерілісінде зиялылар халықтан бөлек болды. Зиялылардың бір қатары патша үкіметінің әкімшілігінде болып, қан төгіп көтерілісті басуға араласты, пікірлі ұлтшылдар, болып жатқан оқиғаға құр сырттан қарап отырды. Газет жүзінде – уақытсыз көтеріліс жасадың, әл келмейтін жұмысқа әуіреленіп әлек боласың, тұрмысыңды нашарлатасың, онанда үкіметтің бұйрығына мойынсұн – деп үгіттеді. Халықты қойдай қырып, көтерілісті басып жатқанда, патша үкіметінің шексіз қаталдығына еш бір наразылық білдірмеді.
Кадет бен меншебектерге қосылып, ұлтшылдар газет бетінде үкіметті кеңестердің қолына беруге қарсы болды, уақытша үкіметті мақтады, жеңбей тұрып соғысты тоқтатбау керек дегенді айтты, феврал төңкерісінен кейін Орынборда Торғай облысын билеуші камитет (Гражданский комитет) құрылып, мұның бастығы Бөкей-хан ұлы Әлихан болды. Міне осы камитетте де, оның шықарған облыстық сиездерінде де, жалпы қазақ сиезінде де (жалпы қазақ сиезі Орынборда 1917 інші жылы иулдің 21-26 – да болды) осы ұлтшылдар үстем болып, өз жолын, мәселен уақытша үкіметке көмек беру, құрылтай шақыру сияқтыларын өткізіп алды. 1917-жылғы декабрде, Орынбор қаласында, қазақ орыс атаманы Дутовтың беті мен шақырылған, жалпы қазақ сиезінде (анығын айтқанда қазақтың бетке шығарларының сиезінде) «Алаш Орда» партиясы түзеліп, «Алаш Орда үкіметі» жасалды да, Кеңес үкіметі мен күресу жолы ашық айтылды. Алаш Орда бастықтары әуелде Эес-ерлер камитетіне қосылғаны рас, бірақ соңынан жеме-жемге келгенде ақтмармен тізе қосып кетті.
«Қазақ» газеті мен «Алаш Орданың» істеген ісін, Түркістан қазағы арасында, «Бірлік туы» газеті, қазақтың Алаш Ордашыл ұлтшылдары істеп отырды. Мұның бастығы, осы күнде шетте орыс ақтары мен бірге қашып жүрген, Шоқай ұлы Мұстафа болды. «Бірлік туы» газеті 1918 інші жылдың ортасына шейін Ташкенде шығып тұрды, мұның төңірегінде жиналған ұлтшылдар 1919 ыншы жылға шейін Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізу мен келді. Мәселен Кеңес үкіметінің жаңа орнаған кезінде Түркістан қаласында Түркістан қазағының жалпы сиезі болып, оған Алаш Орданың өкілдері (Дулат ұлы Міржақып) келді. Осы сиез – Алаш Орданы жасап, Кеңес үкіметіне қарсы болуға, Шоқай ұлы Мұстафа басшылық қып жүрген «Қоқанның байшыл автономиясы үкіметі» мен одақ болуға қаулы қылды. Қоқан үкіметі бір кезде жанарал Калединнің «Оңтүстік – шығыс одағына» да қосылмақшы болған еді. Соңынан Калчак шыққан кезде, Алаш Орда соған қосылады, Кеңес үкіметіне қарсы жұмысын бұрынғыдан да көрі күшейтеді. Қызылдарға қосылған қазақдарды абақтыға салады, қазақтан әскер жинап, орыс ақтарының қолына береді, қазақтан мал, азық жинайды. Сүйтіп, қысқасы, қазақ халқының мүдесін орыс ақтарына сатады. «Алаш Орда» өзінің ұлтшылдық мақсатына көмек алмақшы болады, бірақ үміті зайығы кетеді: үйткені жанарал, адмиралдар ұлтшылдарға сенбейді. Осыны көре тұрса да, ұлтшылдар балшебекке бағынудан, Калчактың қорлығында жүруді артық көреді.
Қазақ еңбекшілерінің Кеңес үкіметін жақтауы. Қазақ ішінде Кеңес үкіметін жақтаушылар да шыға бастайды. Астрахан ауданындағы қалың жұмыскерге жақынырақ болғандықтан, Бөкей қазағы Кеңес үкіметіне қосылады. Қазақстанның солтүстік губернелерінде ең алды мен Торғай облысында Кеңес үкіметі орнайды, 1918 інші жылдың басында Орынборда Торғай облысның облыстық Кеңес сиезі шақырылады. Нақ осы сол кезде Омбыдағы және Шығыс Қазақстанның көп жерлеріндегі қазақ жастары Алаш Орданың саясатына риза болмай, өз алдына төңкерісшіл үйірмелер ашып, Кеңес үкіметіне қосылуға көріне қам қылады. Қызыл әскердің мерейі үстем болып, ақтар жеңіле бастаған кезде, Алаш Орда әскері де аза байстайды (мәселен Қостанайдың қазақ полкі соғыстан бас тартады, Орал болысында әскерлікке жиналған қазақ жігеттері жанжал шығарады).
Кеңес үкіметіне қарсы көп соғысқан да, оған бәрінен соң бағынған да Алаш Орданың Орал облысындағы бөлімі болды. Мұның бастығы Досмағамбет ұлы Жианша еді, қызыл әскерден Дутов жеңіліп, Калчак да құлауға айнала бастаған кезде, Алаш Ордашылар бірінен соң бірі Кеңес үкіметі жағына шыға бастайды. Ең алды мен Кеңес үкіметіне қосылған Алаш Орданың Жаман қаладағы бөлімі, мұның бастығы Байтұрсын ұлы Ахмет еді. Мұнан соң басқалары да Кеңес үкіметіне қосылды. Ақтарға қарсы, Алаш Ордаға қарсы қазақтан құралған қызыл әскер де, қазақ балшебектері де белсеніп соғысты. Қазақстанның Түркістан бөлімінде Кеңес үкіметі октабыр төңкерісі болысы мен ақ орнады. Түркістанның басқа жерлері мен қатар, мұнда төңкеріс оқиғаларының дамуы да өзгеше болды. Сондықтан сол түстік губернелерге қарағанда (пұрсент есебі мен) мұнда қазақ коменестерінің саны да көбірек болды.
Алаш Орданың қызметі, оның орыс ақтары мен одақтасуы қазақтың ұлтшыл оқығандарының кім екенін, оның таптық бағыты қандай екенін айқын көзге көрсетті. Міне осыдан бстап қазақтың ұлтшыл оқығандарының салы суға кетеді, қазақ бұқарасының көзінде оның беделі жойылады. Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаудан бұрынғы оқиғалардың түрі осы. Осыдан кейін Кеңес үкіметін күшейту, жаңа тұрмыс орнату дәуірі басталады.
«Қазақстан». 1927 ж.
Тұрар Рысқұлов
Абай Мырзаның жазбасынан
Алаш Орда Кеңес үкіметіне қалай қарсы тұрды?

"Бізде қазір "Армысың" деп амандасса, тәңіршіл адамды көргендей болады" - Нұрлан имам
18:44, 01 мамыр 2025 13
"Әйелді ұзақ уақыт бойы аңдыған, алдаған". Атырауда NCOC компаниясының менеджерін пышақтап кетті
16:51, 01 мамыр 2025 751
«Дұғаларыңызды аямаңыздар». Әнші Төреғали Төрәлі қазіргі жағдайын айтып, ел көзіне көрінді
11:49, 01 мамыр 2025 1204
Гүл секілді есірткі өсірген. Үйінде тыйым салынған өсімдік өсірген өскемендік ұсталды
11:27, 01 мамыр 2025 169
"Актер жігіт". Димаш Құдайбергеннің қарындасы кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды
11:22, 01 мамыр 2025 2890
"Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе?". Еліміздегі саны ең көп этностар белгілі болды
09:35, 01 мамыр 2025 463
Сүйінші: Асхат Аймағамбетов бар қазаққа жағатын жағымды жаңалығымен бөлісті
17:45, 30 сәуір 2025 9604
Ресейдің назарын аудару мақсатында Орталық Азияда тұрақсыздық орын алуы мүмкін! - Марат Иманқұлов
16:30, 30 сәуір 2025 1691
Мен оны өлтірген жоқпын, өзі пышаққа түсті: Саранда дүкеншіні аяусыз пышақтаған қаскөйдің соты басталды
14:21, 30 сәуір 2025 3551
Көзі, миы, көмейінің жартысы жоқ: Сұмдық жағдайда қаза тапқан журналистің денесі еліне оралды
13:00, 30 сәуір 2025 4442
Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ: Анара Батырхан өзіне дәрі алып бере алмаған жігіт туралы қатты айтты
12:00, 30 сәуір 2025 1633
Шерзатты өлтірген қаскөйлердің сот залынан күліп шығып келе жатқан видеосы тарады
10:25, 30 сәуір 2025 1397
Путин Украинаны толық басып ала алмайды!: Трамп Путин туралы мәлімдеме жасады
09:55, 30 сәуір 2025 819
Атырауда әйелді зорлап, пышақтап артынша үйіне ұрлыққа түскен қаскөйдің суреті жарияланды (ВИДЕО)
09:18, 30 сәуір 2025 7434
Мал бақтырып, құлдықта ұстады: Атырау тұрғынына қатысты полиция сұмдық мәлімдеме жасады
09:09, 30 сәуір 2025 706