Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алаш арыстарының атын жатқа айтқан 2 жастағы қыз көпті тәнті етті (ВИДЕО)

30 сәуір 2024 421

Алаш зиялыларының есімін мүдірмей айтқан 2 жастағы Кәусар есімді қыз желіні шулатуда. 

Кәусардың анасы Маржан Қали өз әлеуметтік желілерінде қызының Алаш алыстарының есімін жатқа білетін қызының видеожазбасын жариялады. Барлық есімді айна-қатесіз айтқан бүлдіршін көптің көңілін көтерді. 

Оқырмандар коментарийге ақ тілегін білдіріп, тіпті Кәусарға курьермен торт беріп жіберуде. 

Зиялылардың есімін еңбектеген сәбиге дейін құрмет тұтса, Алаштың бағы бес елі! 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?