Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкімнің орынбасарын, үлкен лауазымды тұлғаларды да жауапкершілікке тарттық" - Асхат Аймағамбетов

13:49, 22 сәуір 2024 772

"Қасқа жол" ютуб арнасына сұхбат берген бұрынғы білім министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзі министр болып тұрған кезде білім саласында қандай былықтар болғанын,сонымен бірге педагогтерге қандай қысым жасалғанын ашық айтыпты.

Аймағамбетовтың айтуынша, ұстаздардың құқығын қорғау үшін талай лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға тура келіпті.

"Мамандық бойынша конкурсы ең көп үштік болса, соның ішінде педагог мамандығы бар. Енді мектепке келетін мұғалімдердің сапасы өте жоғары болады. Біріншіден, мұғалімдердің жалақысын көтердік. Екі жарым, үш есеге көтерілді. Жанымыздағы мемлекеттердің бірімен де салыстыруға келмейді. Оны ашық айтуымыз керек.

Екіншіден, кезінде олар (мұғалімдер - ред) үйлердің есіктерін қағып кетті. Барлық жұмысты соларға асып қойды. Қазір мұғалімдер үй аралау дегенді ұмытты. Сенбілік болсын - барлық нәрсеге мұғалімдерді жегіп қоятын. Жиналыс болса, мұғалімдер барады. Кездесу болса, мұғалімдер барады. Сабақ қайда сонда?! Жылына 1000 адамнан әкімшілік жауапкершілікке тартуға тура келді", - деді ол.

Аймағамбетов бұл қатарда белді, лауазымды шенділер болғанын да жеткізді дейді даланевс.

"Кезінде мен министр болғанда тіпті бір облыстың әкімінің орынбасарын әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Сонда облыс әкімі маған хабарласып, "біз әріптес емеспіз бе, менің орынбасарымды қалай жауапкершілікке тартып жатсың?" деді. Біз "заңның аты - заң, барлығына бірдей" дедік.

Жүздеген директорды жауапкершілікке тарттық. Қаншама әкімнің орынбасарын, үлкен лауазымды тұлғаларды да жауапкершілікке тарттық. Мұғалімдер балаларды оқыту керек, басқа болмауы керек. Осылайша біраз мәселені өзгерттік деп айта аламын", - дейді сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар