Қазақстанға белгілі нумеролог Гүлжан Ким актер Жахан Отарғалиевті алдағы жылдары не күтіп тұрғанына алдлын ала болжам жасады, деп жазады Alash.KZ.
Танымал тұлғаларға болжам жасап жүрген нумеролог актердің не себепті бірнеше мәрте үйленгенін түсіндіріп берді.
«Жаханға разбор жасаған кезде, көп жаман нәрсе көрген жоқпын, бірақ бұл өмірден көп таяқ жегені көрініп тұр. Себебі ол кісі өмірде көп сынақтан өту керек болады. Неге? Себебі, әкесі жағынан «родовая карма» шығып тұр. Яғни, әкесінің тұқымында күнәһар адамдар көп болып тұр, сол балаларына беріледі.
Мұндай кісілер, яғни өмірінде «1» саны тек бір рет қана бар адамдар, өмірде 2-3 рет үйленеді. Мұндай адамдарда, яғни мен айтып отырған әкесі жағынан «карма» бар адамдардың жеке өмірінде қиындықтар болады, олар бірнеше рет үйленуі мүмкін. Ондай сабақтан ол өтуі керек. Неге? Біріншіден, әкесі жағынан сондай карма шығып тұр. Екіншіден, бұрынғы өмірде «кармический хвост» деп атайды, ол жерде «жертва» болған.
Яғни, бұл кісі бұрынғы өмірде әйеліне немесе анасына тәуелді болған. Әсіресе ақша жағынан тәуелді болған. Енді бұл өмірде Жахан анасына, әйеліне тәуелді болмауы керек. Ол ешқашан да әйелге тәуелді болмауы керек.
Оған қазір өзін түсінетін, қолдайтын жақсы әйел табу керек, егер олай болмаса ол қайта-қайта үйленіп, жүре беретін еді. Оның әкесі жағынан, тұқымында жалғыз адамдар көп болған. Егер ол өзіне лайық жанды таппаса, ол да өмірде жалғыз қалуы мүмкін. Себебі, әкесі жағынан махаббат тұрғысынан қиындықтар көрсетіп тұр.
Бұл өмірде ол ата-бабаларының жасаған қателіктерін қайтадан жасамауы тиіс. Сондықтан ол өзін қалай бар, солай қабылдайтын, еш шартсыз қабылдай алатын әйелді кездестіруі керек. Егер сондай әйелді тапса, онда ол бақытты болатын адам.
Онда екі бестік пен екі сегіздік бар, ол біреуге қамқор бола алады, сондықтан екі баласы бар әйелмен бас қосса, ол балаларға қамқорлығын бере алады. Сізде бәрі жақсы болады. Өзіңізге сеніңіз, адамдарға көп сенбеңіз, адамдар сізді пайдаланғысы келіп тұрады екен, айналыңызды сондай адамдармен қоршап алғансыз», — деді нумеролог.