Белгілі журналист Дана Нұржігіт пен марқұм тележурналист Владимир Рерихтің ұлы Әлім Рерих әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, іштегі өкінішін ашық жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Журналист Жанар Байсемізге берген өзінің ең алғашқы сұхбатында жасөспірім әкесімен ұзақ жылдар бойы мүлдем араласпағанын және тек өмірінің соңғы сәттерінде ғана жүздескенін мәлімдеді. Балалық шағында әке мейірімін көрмегенін айтқан Әлім Рерих жүрекжарды ағынан жарылып, тура мынадай төл сөзін білдірді:
«Әкеммен он жыл көріспедік. Бірінші рет көрген кезде мен оны танымадым. Жүгіріп барып, қолмен амандастық. Себебі ол мені сипамаған, еркелетпеген. Көріскеннен кейін жиырма күннен кейін кетті ғой. Оны естіп, жылап шықтым ғой. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қараймын. Қайғырамын, әкем кетті ғой. Бірақ өкінішім бар, қайғым жоқ әкемді он жылдан кейін көргеніме. Балалық шағымда мені тәрбиелесе, өте жақсы болар еді. Бірақ енді жарайды, өтті бәрі».
Журналист Жанар Байсеміз бұл сұхбаттың Әлім үшін алғашқы тәжірибе екенін атап өтіп, оның батылдығына алғыс білдіріп, ақ тілегін жаудырды. Сондай-ақ бұл ашық әңгіме sn.kz ақпарат порталында да талқыланып, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас пен уақыттың қадірі туралы көпшілікке ой салып отыр.