Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару желідегі парақшасында әкесі жайлы әсерлі жазба қалдырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айта бастайды. Бірақ ол мен үшін әрқашан ең жақсы әке болып қалады. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және ерекше бағалаймын. Күйеу ретіндегі рөлінде, мүмкін, өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз «әке» атағына лайық. Өйткені осы жылдар бойы өз махаббатын үнемі көрсетіп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік. Адамдардың оны жамандап жазған сөздерін оқу маған өте ауыр. Себебі саған жақын адамды ренжіткенде, шынымен де жаның ауырады және бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», - деп жазды Айару Тұрсынбекқызы.