Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мен оны 10 жыл күттім…”: Дана Нұржігіт жан сырын ақтарып, ел естімеген шындығын айтты

10:31, 06 қараша 2025 129

Тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт ұлының туған күнінде желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Баламның бүгінгі туған күні осыдан 15 жыл бұрын болған күндерді еске салды. Мен оны 10 жыл күттім. Дәрігер, балшы-балгерлер… бәрінен өттім. Енді көтергенімде іштегі 5 айлық баланың бір өкпесі суға толған, аман қалуы екіталай деді. 8 айлығында дәрігерге барсам, сәл күтейік өкпесі даму керек әлде де деді. Бірақ «Баланың есімін таңдадыңыз ба?» деп сұрады. «Жоқ» деп едім, «Таңдағаныңыз дұрыс, бала жерге өз есімімен түскені жақсы ғой» деді дәрігерім. Үйге келіп, жолдасыма айттым. Содан есім таңдай бастадық. Ұлтаралық некеден туатын бала болған соң Алан, Тайыр, Мансұр, Тимур деп келе жатып, мен Әлім қойсақ қайтеді дедім. Володя естіді де бірден, «Біздің қарашайларда екінің бірінің есімі Әлім, одан қала берді сенің руың әлім, оған қоса, баламыз дәрігерлердің ғылым-ілімнің арқасында дүние келеді. Ал арабта ғылым деген әлім, ілім емес пе?! Бітті! Әлім болсын!» деді.

«Дәрігерімнің «Баланың есімін қойдың ба?» дегені, кейін ойласам, көрер жарығы болмаса, періште есімімен түссін дегені екен ғой! Босанғанда баласын бірден видеоға түсіріп аламын деп мойынына видеокамера асынып алған Володя оны қосуға да, қолына ұстауға да шамасы келмей қалды. Баланы бірден реанимацияға көтеріп әкетті. Мені наркоз беріп басқа блокқа апарып тастады. 8 айлық нәрестемді бір ай әлпештеп, 9 айға толтырып, шекесін торсықтай етіп қолыма берген дәрігерлерге өмір бақи ризамын! Бас иемін!» - деп жазды Дана Нұржігіт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар