Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкем Алланың қалауымен аман қалды”: Жаһан Отарғалиевтің әкесі жол апатына түсті

21:39, 06 қыркүйек 2024 408

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 

Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты. 

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?