Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ажырасқаннан кейін түсіндім: Балжан Бидаш Жаханмен не үшін ажырасқанын астарлады

15:46, 03 наурыз 2025 998

Танымал әнші Балжан Бидаш желіде жариялаған видеосында неліктен ажырасып кеткені туралы ой қозғады, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Әнші өз сөзінде кез келген әйел адамның күйеуіне өмірін толықтай тапсырып қоя салуына болмайтынын ерекше айтып өтті.

«Ажырасқаннан кейін түсіндім. Адам ең бірінші өзін жақсы көруі керек. Отбасында болсын, қарым-қатынаста болсын, өз қалауын айтып, келісіп, шешім болуы керек деп ойлаймын. Мен көп нәрсені ішімде сақтап қаламын, себебі жанжалды ұнатпаймын. Ал ол ұлғая береді, ұлғая береді.

Тұрмысқа шыққан қыздар болсын, болмасын, жалпы әйел адам өзін әрқашан дамытып отыруы керек. Ешкімге сеніп, өмірін толықтай тапсырып қоюға болмайды. Өйткені, алда сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз. Өзіңізді тығырықтан алып шығатын кем дегенде біліміңіз болуы керек», - дейді әнші.

Сөзін жалғай отырып, актер Жаһан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін сүйікті ісімен шұғылданып, қайғыруға уақыты болмағанын қозғап өтті.

«Бұл жерде қазір ашып айтпай-ақ қояйын. Бірақ мен кеткеннен кейін сүйікті істеріммен айналысуды бастадым. Сағынысып, жұмысқа қатты берілгендіктен, қайғырып, күйзелуге де уақыт болған жоқ. Қазір өзімнің карьераммен айналысамын, ол – менің жан-дүниемнің қалауы. Одан бөлек бизнесім бар, ол жақта миллиондап ақша тауып жатқан жоқпын, бірақ клиенттерімнің ризашылығын көріп, содан энергия аламын.

Ешкімді ажырасуға шақырмаймын. Оған өзім де қарсымын. Әр отбасының бақытты болғанын қалаймын», - деп Балжан Бидаш сөзін аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар