Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелінің көзін шығарып, ұрып, видеоға түсірген - "НеМолчи.kz" ұйымы адам төзгісіз азаптау туралы айтты

13:32, 27 ақпан 2025 370

"НеМолчи.kz" ұйымына 24 ақпан күні бір әйелден арыз келіп түседі. Ол ұзақ жылдардан бері күйеуінен қорлық көріп жүрген әйел болып шығады, деп жазады Alash.KZ.

Әлгі әйел бұрынғы күйеуімен ажырасқан, екеуінде ортақ бала бар, 8 жылдық некеде болған күйеуі оны үнемі ұрып-соққан, таяққа жыққан. 

Аталмыш ұйым "Біз күйеуіне қатысты ҚР ҚК 110-бабы "Азаптау", 115-бабы "Қоқан-лоқы көрсету", 106-бабы "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғауды және оны дереу изоляциялап, уақытша ұстау изоляторына қамауды талап етеміз" деп жазды. 

Ұйым өкілдерінің жазуынша, оқиғадан учаскелік полиция қызметкерінің де хабары бар көрінеді. Алайда ол қылмыскерді ұстаудың орнына, әйелге тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін айыппұл салған. Кейінірек пәтер иесіне қоңырау шалып, оны шығарып тастауын сұраған. «Сіздің пәтеріңізде адам өлімі болса, не істейсіз?» деп қорқытқан. 

"НеМолчи.kz" ұйым өкілдерінің айтуынша, полиция әйелдің өліп қалатындығын алдын ала білген болуы мүмкін, тіпті сенімді болған көрінеді, сондықтан ол өз учаскесінен жәбірленушіні "алып" тастауға тырысады. Неге? Статистиканы бұзбау үшін бе, жұмысты аз істеу үшін бе? 

Еске сала кетейік, жәбірленуші әйел жоғары білімді болған, жақсы жұмыс істеген, некеге дейін мансабында да табыстар болған. Бірақ ол сегіз жыл бойы зорлықшының физикалық және психологиялық қысымына ұшыраған. Күйеуі оны жұмыс істетпей, Астанадан алып кетіп, үйде ұстаған. Әйел қаржылық жақтан да таршылық көрген. Себебі жәбірленушінің бұрынғы күйеуі 30 миллион теңге көлемінде кредит алған және ол ақшаны өз бизнесіне жұмсаған. 

Астана полициясына арыз жазған ұйым мүшелері жәбірленушінің бұрынғы күйеуін дереу тұтқындауды талап етіп отыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар