UFC-де ел намысын қорғап жүрген танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адамның өлімімен аяқталған жол апатына байланысты тергеуге алынған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.
Жол апаты 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург тасжолында орын алған. Toyota Land Cruiser 200 көлігін жүргізген Гүлайым Рахмонова рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі әйел көз жұмды.