Танымал блогер, актер, продюсер Жахан Отарғалиев жаңа киносы туралы сұхбат беріп, ондағы негізгі тақырыптың өз арманына қатысты екенін ашып айтты, деп жазады Alash.kz.
Менің өзіме 16 жыл болды балалы бола алмай жүргеніме. Бірнеше неке болды. Бұрын әйелімнің көзінше де айтқан маған. “Сенде мүлде бала болмайды” деп. Когда, сенің бетіңе әйеліңнің көзінше айтады, ол - ер адамға өте ауыр. Еркексің ғой қанша дегенмен. Намыс бар. Сондай нәрселердің естігеннен кейін мен ойлаймын. Бұл жалғыз менде болып жатқан жағдай емес. Сол үшін киномның аты - “Сыйлық”. Мен өмірде орындалмаған арманымды кинода орындағым келеді.