Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адам тағдыры... Бір отбасының қасіреті тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайт туралы айтты (ВИДЕО)

12:20, 27 қазан 2026

Қазақстанда жыл басынан бері 24 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 33 мыңнан астам адам жарақат алып, 1 432 азамат көз жұмғанын белгілі журналист Руслан Өтепбай хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Ел ішіндегі осы қайғылы статистикаға арнайы тоқталған журналист әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Бұл жай ғана статистика емес. Әр санның артында адам тағдыры, әр қайғылы оқиғаның артында бір отбасының қасіреті тұр», – деп атап өтті.

Осыған байланысты Руслан Өтепбай зардап шеккен азаматтардың заң бойынша өздеріне тиесілі сақтандыру өтемақысын қаншалықты алып жатқанын анықтау мақсатында «Әділет» заң компаниясының кеңсесіне арнайы барған. Компания басшысы Асылхан Әлішерұлының айтуынша, еліміздегі көптеген азаматтар жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру фирмаларынан тиісті өтемақыны талап етуге құқылы екенінен бейхабар.

Кездесу барысында журналист маманға сақтандыру өтемақысын өндіру тәртібі, оқиғаның қашан болғанының маңыздылығы, қай жағдайда төлем төленетіні және жәбірленушінің өз құқығын қорғау жолдары туралы сұрақтар қойып, егжей-тегжейлі жауап алған.

Руслан Өтепбай жол апатынан зардап шеккен немесе жақыны осындай жағдайға тап болған азаматтарды заң аясындағы өз құқықтарын біліп жүруге шақырды. Сондай-ақ толық ақпарат пен заңгерлік кеңес алу үшін «Әділет» заң компаниясының Шымкент (+7776 500 30 03) және Алматы (+7771 275 50 55) қалаларындағы байланыс нөмірлеріне хабарласуға болатынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар