Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әбілов Заманбек Нұрқаділовтің қазасы туралы айтты

19:36, 17 ақпан 2022 266

Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, 1990 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған Болат Әбілов саясатқа оралуы туралы, ағайынды Нығматуллиндермен болған жанжалды видео туралы айтты.

Сондай-ақ, Болат Әбілов Заманбек Нұрқаділовтің қазасына байланысты деректермен бөлісті.

Рахат Әлиев Нұрқаділовті өлтіруге тапсырыс берді дегенге сенбеймін. Ол бұны істей алмайтын еді. 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды деді. Үйінің маңында журналистер болды. Қалалық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары болған Бугаевтен үйге кіргізуді сұрадым. Заманбек пен Мақпалды жақсы танитынымды айтып, көңіл айтпақшы болдым. Олар маған «Мақпал мас, ештеңе түсініп отырған жоқ, сол кінәлі» деді. Сол кезде олар болған оқиғаға Мақпалды кінәлі етпек болғанын түсіндік. Көңіл айтуға барғанда «Мақпал, саған айып таққысы келеді» дедім. Ол не үшін екенін сұрап, таңқалды. Адвокат керек екенін айттым. Оқиға орнында екі жерден тесілген жастық болды. Оқтың даусы естілмеу үшін жастық арқылы өзіне атқан деді. Адамдар Заманбек секілді белгілі адамдарды өлтіріп жатқанда, қарапайым жұртқа не істейді деп ойлайды. Бұл президенттік сайлауға үш апта қалған кезде болған оқиға еді, – деп еске алды Әбілов.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Gwa1NM2NaFw[/embed]



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар