Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталды

20:54, 13 мамыр 2024 621

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады alash.kz.

Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік субъектілер секторында 10 жыл уақыт мерзімінде қызметке орналасу құқығынан айырылды, - делінген Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың қаулысында.

Сонымен қатар, сот үкімімен сотталушыдан «қылмыстық жолмен алынған» 5,8 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленді. Мырзахметов мемлекеттік наградаларынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абылай Мырзахметовті 2023 жылдың 11 мамырында ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген болатын.

Содан кейін 2018-2019 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Нұржан Әлтаев делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам қаражат алды деп айыпталды. Ол сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар