Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай атындағы ҚазҰПУ-ды кім сатып жіберген?

16:35, 20 ақпан 2025 1250

Абай атындағы ҚазҰПУ оқу корпустары мен стадионын қайтарып алды, деп жазады Alash.KZ.

«Оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттықты өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан. Бірақ та ғимараттардың бірі кейіннен бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған», — делінген ведомство таратқан ақпаратта.



Сонымен қатар, спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар