Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

90 млн теңгенің сканері: "65235 әскери бөлімі" мемлекет қаражатын неге ысырап қылып отыр?

13:38, 17 мамыр 2024 681

Қорғаныс министрлігінің «65235 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі құны 90 млн теңгеге жуықтайтын сканер (89 200 000 тг, планетарлық, басқаруы роботтандырылған) сатып алмақ болған.

Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков жазды.

Қоғамдық бірлестік өкілінің жазуынша, мемлекеттік сатып алу порталында күмән туғызған «сауда» бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласып, тауар құны нарықтағы бағадан асыра көрсетіліп отырғанын анықтау мақсатында шағым жолдаған.

«Әділдік жолы» РҚБ шағымынан кейін «65235 әскери бөлімі» РММ бағаны 89 миллион теңгеден 37 миллион теңгеге дейін азайту туралы шешім қабылдаған.

Планетарлық сканер – кітаптар мен тігілген құжаттарды сканерлеу үшін пайдаланылатын кескін сканерінің түрі. Әбден көнерген тарихи құжаттарды (түпнұсқадан) өңдеуді қажет ететін материалдарды цифрландыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл құрылғы көбіне «кітап сканері» деп аталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар