Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«9-20-25» бағдарламасымен кімдер баспаналы бола алады?

15:53, 15 желтоқсан 2023 267
Келесі жылдан бастап «Бәйтерек» холдингі мен Отбасы банк «9-20-25» бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама ғылыми жетістіктері бар жастарға бағытталған.  «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын түсіндірді.  Банк өкілінің айтуынша, «9-20-25» бағдарламасына үміткердің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек деген шарт жазылады.  

Жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосқанда «7-20-25» бағдарламасында жіберілген қателіктер ескеріле ме? Банк басшының пікірінше,  егер объектіде ҚТҮК кепілдігі болса, нысан құрылысы толық аяқталады. «Біз „9-20-25“ бағдарламасына тек дайын тұрғын үй ғана емес, ҚТҮК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үй де қатысуы керек деген ұсынысты қолдаймыз», - деді Ләззат Ибрагимова.

Спикер банктің құрылыс салушылармен жиі кездесетінін және қосымша мәселелерді біліп отыратынын айтты. «Мысалы, «7-20-25» бағдарламасына қатысу саны бойынша шектеулер болған жоқ. Яғни, клиент 2019 жылы пәтер сатып алып, баспана бағасының өсуін пайдаланып, оны сата алды және 2021 жылы қайтадан ипотекалық бағдарламаға қатыса алды. Бұл бағдарламада оған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Бұдан басқа, „9-20-25“ бағдарламасында өтінім беру кезінде 5 жыл бойы тұрғын үй болмауы тиіс. Бұл бағдарламада, сондай-ақ жас ғалымдар бағдарламасында қатаң шарттар бар. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз», - деп толықтырды «Отбасы банк» басшысы.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар