Белгілі журналист Руслан Өтепбай ел арасында резонанс тудырған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі қамқоршысынан алаяқтық ісімен сотталған Ілияс Сариев туралы сұхбат құрды, деп жазады Alash.kz.
Құндыз бен Назгүлді өз қамқорлығына алған Зүлфия Төлегеноваға журналист Ілияс Сариевтің желіде тараған видеодасындағы 500 мың теңге туралы төтесінен сұрақ қойды:
Берді… 500 мың теңге. Қайтадан камерасын өшіріп алып кетті.
Әйел оған қоса алтын әшекейлерінің де Ілиястың қолында кеткенін айтты. Жалпы алып кеткен құнды заттардың соммасы 780 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Руслан Өтепбайға қарсы қойып, сөзін сөйлеткен кездері де болғанын жасырмады.
Бұл жағдайға қатысты журналистің өзі “Кім кімді лақтырған?!” деп жазды желіде.