Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

73 млн теңге пайдасын жасырған: әлименттен жалтарған әкелерге қатаң ескерту

16:05, 10 маусым 2024 513

Маңғыстау облысында прокурорлар алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге пайда тауып, ақшаны жасырғанын анықтады.

Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер «А» 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңсенің өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған деп хабарлайды Alash.kz.

Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында борышкер «А» қағаз жүзінде 85 мың теңге жалақыға жұмысқа орналасқан.

Осы қылмысқа қатысты прокуратуралар ҚР ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) тергеп-тексеруді бастады.

Жыл басынан бері прокурорлардың бастамасымен 21 борышкер тергеліп жатыр. 13 іс бойынша сот үкімі шықты. Қалғандары тергелуде. Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар