Bloomberg агенттігінің жер шарындағы ең дәулетті 500 адамның жаңа тізімінде жалғыз қазақстандық бар, деп жазады Alash.KZ.
Ол – Владимир Ким. Кәсіпкер 433-орынға жайғасқан. Оның байлығы 7,21 миллиард доллар деп бағаланған.
Айта кетейік, жыл басынан бері Кимнің қаржысы 155 миллион долларға артып, 2,2 пайызға көбейген.
64 жастағы Владимир Ким – Forbes мәліметі бойынша, KAZ Minerals Ltd компаниясының акционері, президенті.
Бұл топ құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл мен Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай атты ашық типтегі кеніштер, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші және Қырғызстандағы Бозымшақ алтын-мыс кеніші кіреді.
Сондай-ақ Ким – «Bank RBK» АҚ-ның (ТОО «КСС Финанс» арқылы) ірі үлескері. «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.