Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 жыл: Прокурор Думан Мұхаммедкәрімге қандай жаза сұрады?

12:17, 29 шілде 2024 579

Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды және оған 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады.

"Не дейді?" YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған болатын.

Іске журналистің шетелде тұратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Журналистің өзі және адвокаттары іс қозғалған сәттен бастап тағылған айыпқа келіспеді.

Қонаев қаласында өтіп жатқан сотта бүгін жарыссөз басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар