Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 мың адамға "банкрот" жарияланады

13:04, 10 мамыр 2023 251
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысының кулуарында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы айтты, деп хабарлайды "Алаш".

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгінге дейін «өзін банкротпын» деп жариялауға қанша адам өтініш бергенін айтты.
«Қазіргі таңда ведомстволарға 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни, әзірге бірінші шешім қабылданды», — деп айтты вице-министр.

Ержан Біржановтың айтуынша, нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
«Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылды. Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген  3 айдың ішінде қайта арыз бере алады», — деп түсіндірді ол.

Елімізде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң 3 наурыздан бастап іске асырылып жатқанын еске сала кетейік.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар