Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 жыл бойы энергетик іштім: Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

18:23, 18 қазан 2024 3240

Киножұлдыз Мұрат Бисембин тележурналист Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Жыл сайын бір рет чекаптан өтіп тұру керек. Қазір түрлі жарнамалары шығып жатыр, мен соған кеңес берер едім. Қолыңызда ақшаңыз болса бірден чекап жасатып алыңыз. Ертең не ішемін, қалай күн көремін деп ойламай-ақ қойыңыз. Әрі кетсе 1000 АҚШ долларын жұмсайсыз. Сол кезде бір сырқатыңыз дер кезінде анықталады. Ол тек қатерлі ісікке қатысты емес. Мүмкін терапиялық ем қолданып, енді ғана білініп келе жатқан сырқаттың алдын алуыңыз мүмкін. Мен чекаптан өтпедім. Сол баяғы қазақшылыққа салынып, “Ой маған не үшін, еш жерім ауырмайды” дедім. Кейін денсаулығыма салғырт қарағаным үшін, қатты өкіндім”, – деп бастады әңгімесін актер.

“6 жылдан бері ашығу режимін ұстаймын. Спортпен шұғылданамын. Бірақ салмағым сол күйі тұрды. Әйелім байқап, дабыл қақты. Егер асқазаныңызда ешқандай мәселе болмаса жиі ашығып тұрған дұрыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Одан кейін алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар менің тәбетімді тежейді деп ойладым. Өйткені қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да, салмақ қоспадым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі – салмақ жинай алмай қалу екен. Бірақ сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін”, – деді актер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар