Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

51 млн теңге. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ақша жымқырылған

04:49, 04 қаңтар 2024 463
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Alash.kz сайтына жеткен деректерге қарағанда, келтірілген шығын 43,8 млн теңге. Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар