Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“5 млрд өндіріп алмақ” - Трамп сөздерін монтаждаған телеарнаға қарсы дау көтерді

17:45, 16 желтоқсан 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп BBC телеарнасының Panorama бағдарламасында оның сөздерін монтаждап, бұрмалағаны үшін шағым түсіруді жоспарлап отыр, деп жазады Alash.kz. 

Телеарна ресми түрде кешірім сұрағанына қарамастан, Трамп заң арқылы жауапкершілікке тартуды көздейді.

Трамп BBC-ге қарсы талап арыздың мөлшері 1-ден 5 миллиард долларға дейінгі соманы құрайтынын мәлімдеді. Ол бағдарламаның кадрларын монтаждап, өзінің сөздерін бұрмалағанын атап өтті.

BBC ішкі тексеріс жүргізіп, 2021 жылғы 6 қаңтардағы сөздерін деректі фильмде бұрмалағанын мойындады. Фильмде Трампты Капитолийге шабуылдан бұрын «бар күшін салуға» шақырып тұрғандай көрсеткен фрагменттер болған. Бұл оқиғадан кейін BBC-дің бас директоры Тим Дэйви және BBC News жетекшісі Дебора Тёрнесс қызметтен кетті. Бағдарлама барлық платформадан алынып тасталды, бірақ арна клевета бойынша шағымның негізі жоқ екенін мәлімдеді.

Заңгерлер Трамптың сотта жеңуі қиын екенін ескертеді. Британ соттарына шағым түсіру мерзімі өткен, ал бағдарлама АҚШ-та көрсетілмегендіктен, америкалық көрермендерге әсер етуі мүмкін емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар