Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Донсебаевқа үкім шығарды, деп жазады Alash.kz.
Антикордың мәліметінше, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған.
Донсебаевтың келтірілген залалды толық өтеуіне және ауыр сырқатына байланысты 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмірбойына тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енді.