Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 25 қыркүйекке қараған түні Орехово-Зуевский ауданында М12 тас жолының 83-ші шақырымында жеңіл көлік жүргізушісі 300 км/сағ жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан, деп жазады Alash.KZ.
Құтқарушылар ауыр жүк көлігінің артқы жағынан келіп астына кіріп кеткен Audi RS5 көлігінің қалдығын шығарарда қатты қиналған. Өйткені, өте ұшқыр жылдамдықпен келген темір тұлпар жүк көлігінің астына кептеліп қалыпты.
Мәліметтерге қарағанда, марқұм 1999 жылы туған Татарстаннан келген кәсіпкер көрінеді. Осыған дейін жылдамдықты бірнеше рет асырғаны үшін айыппұл алған. Өкінішке қарай сол әрекеттерінен сабақ алмаған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.