Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

30 мың теңге үшін сатушыны өлтірген ұрыға сот үкім шығарды

30 мың теңге үшін сатушыны өлтірген ұрыға сот үкім шығарды

Қарағандыда дүкен сатушысын өлтірген Саран қаласының 51 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Alash.KZ.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің “Қызметтік немесе өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кіріп жасалған қарақшылық” және “Пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.

Жазаны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ оған нашақорлықтан мәжбүрлі ем тағайындалды.

Моральдық шығын ретінде жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 6
  • 0
  • 0
  • 0
  • 2
Жарнама
Соңғы жаңалықтар