Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты” - Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнмен ойынды өте сәтті бастады

19:39, 10 қазан 2025 275

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы дәл қазір Астана Аренада 2026 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің кезекті ойынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Бельгиямен ойындағы жеңілістен соң бас бапкерін ауыстырып, Талғат Байсуфиновты тізгінге қойған ұлттық құрама Лихтенштейн құрамасын өз алаңында қабылдап жатыр.

Ойынның 26-минутында “Елім-ай” клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек көп ішінен суырылып шығып, қарсылас қақпасына доп салды.

Көп ұзамай, Ғалымжан допты қарсылас айып алаңына кіргізіп, қақпаға жақын жүрген Бахтиор Зайнутдиновке нәтижелі пас бере білді. 28-минуттағы екінші голдың авторы ұлттық құрамадағы бомбардирлердің бірі Бахтиор Зайнутдинов болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 минуттың ішінде өз пайдасына 2 бірдей гол салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар