Ақылы болатын жолдардың тізіміне келесі учаскелер кірді:
Қызылорда – Арал (455 км),
Ақтөбе – Мартук (92 км),
Қостанай – Троицк (163 км),
Ушарал – Достық (180 км),
Қандыағаш – Мақат (385 км),
Тараз қаласының айналма жолы (57 км).
Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы ұзындығы 3,2 мың км болатын 17 жол учаскесі ақылы. Биылғы жылдың басынан бастап автокөлік жүргізушілері осы жолдар үшін 48 млрд теңге төледі.
“Ақылы жолдарды енгізу еліміздегі жол инфрақұрылымын жақсарту және автотрассаларды жөндеу мен жаңғырту үшін қосымша қаржы көзін табу мақсатында жүзеге асырылып жатыр”, - делінген хабарламада.