Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

11:38, 27 желтоқсан 2024 153

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, - деп хабарлайды Alash.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды", - делінген хабарламада. 

 

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауды ұсынған еді. 

"Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді мемлекет басшысы Жолдауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар