Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

05:26, 07 желтоқсан 2023 324
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерінің басталғаны туралы хабарлады. Медициналық ұйымдар сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін жүргізеді. Көлемдерді бөлуге ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің ақпараттар базасына енгізілген медициналық ұйымдар қатыса алады.

2024 жылға екі пакетте де медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында 2,8 трлн теңгеден астам, оның ішінде МӘМС бойынша – 1,2 трлн теңгеден астам қарастырылған. 2023 жылы сатып алу жоспары 2,5 трлн теңгені құрады (алдағы жылы қаржыландыру 12%-ға өседі).

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2024 жылға арналған қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1-4 желтоқсаннан 11-12 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектілері қызметтерді сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерге келесі сілтеме арқылы өтінім бере алады: https://fms.ecc.kz/. Онда әр аймақ бойынша хабарландырулармен танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге, жекеменшік клиникалар да медициналық қызмет көрсете алады. Ең бастысы олар ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың медициналық көмек көлемін орналастыруға рұқсат беру үшін талаптарға сәйкестігін он күн ішінде тексереді.

Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін он күн ішінде тексереді. Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Бұл ретте өтінімдері критерийлерге сәйкес келмейтін клиникаларға ескертулерді үш жұмыс күні ішінде жоюға мүмкіндік беріледі. Содан кейін өтінімдер қайта қаралып, комиссия көлемдерді бөледі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар