Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

10:50, 25 қыркүйек 2023 166


Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2 млрд теңгеден асатын субсидияны уақтылы төлемеген.

“Мемлекеттік органдардың  төлемдерді тоқтата тұру туралы негіз болған  шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды”, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.




Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, кәсіпкердің құқығы сомасы 948 млн теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілді.

Ведомство қалған соманы төлеу  бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында субсидияға бөлінген 900 млн теңге қолды болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар