Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 млрд теңге табыс тапқан: жезөкшелікті бизнес қылғандарға үкім шықты

13:13, 26 желтоқсан 2024 223

Астанада 2 млрд теңге табыс тапқан притон ұйымдастырушысына үкім шықты, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеп отыр.

Астана тұрғыны 2021-2023 жылдары жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс тапқан.
Тергеу барысы күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді


– делінген агенттік мәлімдемесінде.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар