Екатеринбургте 16 жастағы мектеп оқушысы энергетикалық сусын ішіп, кептірілген нан жегеннен кейін қайтыс болды. Қыз өлер алдында аузынан көбік шыққан, деп хабарлайды Alash.kz.
SHOT басылымының мәліметінше, жасөспірім достарымен 16-қабаттағы кіреберісте жиналып отырған. Бұған дейін топ болып дүкенге кіріп, тоқаш, кептірілген нан және энергетик сатып алған.
Бір сәтте мектеп оқушысының жағдайы күрт нашарлап, қолдарын сермеп, артынша баспалдақ жанына құлап түскен.
Оның аузынан көбік ағып, денесі көгерген. Қасындағы достары жедел жәрдем шақырған, алайда келген дәрігерлер қыздың көз жұмғанын растады.
Тінту барысында жасөспірімдерден ешқандай тыйым салынған заттар мен алкоголь табылмады. Қыздың нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды.
Белгілі болғандай, марқұм толық емес отбасында өскен, үйде білім алған.
Сонымен қатар, ол ұрлық жасағаны үшін ПДН (кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция) есебінде тұрған және наркологта спиртті сұйықтық қолданғаны үшін тіркелген.