Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру": Руслан Берденовты атқан күдіктіге екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

17:17, 02 мамыр 2025 1322
Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықты тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Олар:
- ҚК 24-бабы 3-бөлігі — Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.

- ҚК 99-бабы 2-бөлігі 6-тармағы — басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу.

Аталған қылмыстар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза мүлікті тәркілеумен немесе тәркілеусіз сот шешімімен тағайындалады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар