"Естімеген елде көп" деген. Әлеуметтік желіде зират басына адам атын жазып беретін "шеберлердің" видеосы тарады, деп жазады Alash.KZ.
Видео түсірген адамның айтуынша, зират басындағы қорғанға өлген адамның атын үлкен әріптермен жазып, оны тоқ көзіне қосып беретін көрінеді. Түнге қарай әріптер жанып тұрады дейді.
"Заказ аламыз осылай. Бір әріп 8500 теңгеден. Түнде жанып тұрады. Разноцветный" дейді заказ орындайтын адам. Видеодан "Асқар" есімді марқұмның зиратын көруге болады.