«9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке орай, біздің ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды құттықтауға мүмкіндік алдық. Көмек туралы – қаражат қарастырылған, біз әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым. Ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқаларға да материалдық көмек көрсетеміз. 9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүлшоқтары қойылады, мерекелік концерт болады. Біздің ардагерлерге қаланың барлық аудандарында құрмет көрсетіледі. Біз бұл мерекеге ерекше дайындалып, үлкен назар аударамыз. Мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдерімен бірге мен өзім олардың әрқайсысына барып, Жеңіс күнімен жеке құттықтаймыз» дейді қала әкімі.
Расында да, жыл өткен сайын елімізде соғыс ардагерлерінің саны сиреп келеді. Сондықтан олардың ерліктеріне сай құрмет көрсету жөн. Осы орайда жыл сайын Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлігімен көзге түскен ардагерлерге лайықты сый құрмет жасалып келеді. Биыл да бұл мереке қалада кең көлемде аталып өтіліп, жас ұрпақ тәрбиесіне ықпал етерлік шаралар кестесі түзілген.