Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңсыз активтер су тасқыны салдарын жоюға жұмсалады - Бектенов

13:44, 29 сәуір 2024 455

Бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады alash.kz.

Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады. Оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса, 7 млрд теңгенің инвестициялық келісімдеріне қол қою мақұлданды. Оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында 2 инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Активтерді қайтару жұмыстары – мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады, – деді Олжас Бектенов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар