Каппадокияда екі әуе шары құлап, бір адам қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы
Түркияның Каппадокия аймағында екі әуе шары апатқа ұшырады. Ихлара аңғарынан ұшып шыққаннан кейін күшейген желдің салдарынан басқарудан шығып, апатқа ұшыраған.
Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты. Түркия азаматы шар себетінен құлап, шардың конструкциясының астында қалып, ауыр жарақаттан көз жұмған.
19 жолаушы түрлі жарақат алып, Аксарай мемлекеттік ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Индонезиядан келген шетелдік туристердің жағдайы тұрақты.
Қазір аймақта әуе шарларының ұшуы уақытша тоқтатылды. Түркияның тиісті органдары оқиға бойынша техникалық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.