"Қазіргі уақытта денсаулығыма және бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқаныма байланысты сот отырыстарына жеке қатысуыма мүмкіндік жоқ. Алайда, сот процесін және оған қатысты ақпараттық кеңістіктегі ахуалды мұқият бақылап отырмын.Сотта жауапкер Жиенбай тарапынан айтылып жатқан мәлімдемелерге үнсіз қалу мүмкін емес. Бұл тек қана шантаж және қысым көрсету әрекеті. Соңғы рет мен оны сол күні, дәл өзі аңшы мылтығынан атып кеткен кеште көрдім. Одан кейін бізде ешқандай байланыс болған жоқ. Кейінірек ол өкілдерімен бірге менің қорғаушыларыммен байланыс орнатуға тырысып, "достасуды" ұсынды. Кешірім берілсе, шу көтермейміз деді, ал бас тартқан жағдайда "ақпараттық жарылыс" жасаймыз деп сес көрсетті. Тіпті, айыпталушының әкесі өзін-өзі өртейді деген мәлімдеме жасалатынын айтты. Мұны мен тікелей қысым деп бағалаймын.
Мен қандай да бір қысым мен арандатуға жол бермедім.Бастапқы ұстанымым өзгерген жоқ. Қақтығыстың түп-төркіні – кәсіби, қызметтік сипатта. Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім.
Ал қоғам назарын "қызғаныш", "жеке қатынас", "жұбайы" секілді жалған себептерге бұру – манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын.
Бұдан да сорақысы – бүгінде бұл жалған мәлімдемелерге қала әкіміне қатысты тұстарды да қосып жатыр. Бұл тағы да істің ақиқатқа емес, қысым көрсету мен беделге нұқсан келтіруге бағытталған өрескел манипуляция екенін дәлелдейді. Мен мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамын және оларды мойындамаймын.
Менің ұстанымым – өзгермейді. Депутаттық өкілет мерзімі аяқталған соң да, мемлекетке адал қызмет ету жолынан тайған жоқпын. Соңғы үш жылымды осы жолға арнадым. Қала әкімінің шақыруымен әкімдікке келіп, ашық, адал жұмыс істеуге, халыққа шынайы көмек көрсетуге күш салдым.
Мен сайлауға барып, елімді жақсартқым келді. Менің артымда елімізге, өзгерістерге сенетін жастар тұр. Бұл – үлкен жауапкершілік, мен оны сезінемін. Әкімдіктегі жұмысым да осы сенімді ақтауға бағытталған. Маған қарсы айтылған жала, жапқан жалған айыптар мені жолымнан тайдырмайды. Әлі де әділетті, ашық сотқа сенемін. Бүгінде денемде аңшы мылтығының 60-тан көп қорғасын оқтары әлі де бар. Бұл құжатпен расталған факт. Соттағы жоқтығымды, үнсіздігімді өздеріне тиімді жағына бұрып, қоғамдық пікірмен ойнағысы келетіндер бар. Бірақ үнсіздік келісім деген сөз емес. Мен әділетті сотты күтіп отырмын", – деп жазды Руслан Берденов.
“Арандатуға жол бермеймін”: Берденов шұғыл мәлімдеме жасап, ел естімеген шындықты айтты

"Қосшыда кішкентай бала көпқабатты үйдің терезесінен...". Ата-анасы жауапқа тартылады
10:00, 07 тамыз 2025 87
Каспий теңізінен адам құтқарып, өзі көз жұмған азаматтың еңбегі ескерусіз қала ма?
09:45, 07 тамыз 2025 92
АҚШ Ресейге уақыт берді: Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесті. Олар не талқылады?
21:12, 06 тамыз 2025 698
"Әйелінен жауап алынды": Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына байланысты тергеліп жатыр
20:37, 06 тамыз 2025 2077
"Балаларым үшін сынбаймын, бәрін ұмытамын": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты
19:09, 06 тамыз 2025 2747
"Хабар жоқ, ізім-ғайым жоқ болды": Қазақстан азаматы Қытай шекарасынан өтіп, жоғалып кетті (ВИДЕО)
18:10, 06 тамыз 2025 1285
“Арандатуға жол бермеймін”: Берденов шұғыл мәлімдеме жасап, ел естімеген шындықты айтты
17:17, 06 тамыз 2025 970
Суық хабар жетті: Тбилисиде жоғалып кеткен 27 жастағы қазақ баласының мәйіті табылды
16:35, 06 тамыз 2025 562
"Әйелің – жезөкше, балаң – жетім қалады": Берденовті атқан сотталушы қысым көргенін ашып айтты
15:26, 06 тамыз 2025 4529
"Өлтіргім келмеді": Берденовке оқ атқан "Тұрғын үй Шымкент" экс-басшысы өз шындығын айтты
11:50, 06 тамыз 2025 809
"Қантөгісті тезірек тоқтату керек": Зеленский Трамппен сөйлескен соң шұғыл мәлімдеме жасады
11:20, 06 тамыз 2025 1269
"Енді талап күшейе түспек": Вице-министр маңызды мәлімдеме жасап, елді дүрліктіріп қойды
10:07, 06 тамыз 2025 592
"Жүздеген миллион теңгені жымқырды": мәслихат депутаты талай адамды сан соқтырып кеткен (ВИДЕО)
09:16, 06 тамыз 2025 628
Қаралы хабар: Танымал спорт комментаторы пойыз астында қалып, қайтыс болды (ФОТО)
21:54, 05 тамыз 2025 6175
“Жамбас сүйегін сындырып алған”. Әйелді баспалдақтан итеріп жіберген Амантай қажы сотталуы мүмкін
18:52, 05 тамыз 2025 531
"Қабылдадым… Балапандарым үшін сынбауым керек”. Мереке Қалбаеваның жазбасы елді алаңдатты
18:29, 05 тамыз 2025 17518
“Бойкот! Жастар болып той жасауды доғару керек”: Желіде жігіт көпшілікке үндеу тастады (ВИДЕО)
16:51, 05 тамыз 2025 3116