Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп жазады Alash.kz.
Әйкерім Қалаубаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында Нұрлан Әлімжановпен бірге түскен видеосын жариялады.
"Өмір емес, өнер жолында танысқан,
Жұптармыз тек тойларда табысқан" – деп жазды Әйкерім Қалаубаева.
Желі қолданушылары бұл видеоны романтикалық көңіл-күймен қабылдап, қос өнерпаздың жарасымын ерекше атап өтті.
"Сұлулықтың символығой екеуі", "Өмірде де жұп болыңдар", "Ғашық көзбен қарап тұр ғой", "Жүзікке көз қойғандай жарасымды жұп", – деді желі қолданушылары.