Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үлкен қолдау”: Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

18:54, 16 қараша 2025 715

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әріптесі Нартай Аралбайұлымен бірлесіп маңызды бастама көтерді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Заңдар мен түзетулер туралы айтқанда, көпшілік бір ғана баптың артында тұтас тағдыр тұратынын аңғара бермейді.

Қағазда жай ғана сөз сияқты көрінгенімен– шын өмірде ол бір баланың, бір отбасының тағдыры мен үміті болуы мүмкін.

Мысалы, микротия және есту жолдарының атрезиясымен туған балалар бар.

Қолданыстағы тәртіп бойынша мемлекет есту аппаратын тек IV дәрежелі құлақ мүкістігі кезінде, яғни балаға мүгедектік берілсе ғана беретін.

Ал құлағында ақауы бар, бірақ мүгедектік тобы жоқ балалар назардан тыс қалды. Мұндай балалар аз емес.

Олардың ата-аналары амалсыз өз қалтасынан төлеп, тіпті несие алып жүріп баласына есту аппаратын алып беруге мәжбүр болды. Ал ол құрылғының бағасы – жарты миллионнан бес миллион теңгеге дейін барады. Тым қымбат, тым қолжетімсіз.

Бірақ мәселе тек қаржыда емес.
Бала ести алмаса – өмірден, күнделікті қызықтардан алыстайды.
Нәтижесінде – оқшаулану, буллинг, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады.
Ал бір ғана есту аппараты баланың өмірін түбегейлі өзгертеді:
ол дауысты естиді, анасының сөзі мен күлкісін тыңдайды, өмірдің дыбыстарын естиді.

Әріптесім Нартай Сарсенғалиев осы мәселені жүйелі түрде көтеріп келді. Мәселені зерттегеннен кейін, мен де бұл бастаманың маңызын көріп, қолдап, шешілуіне үлесімді  қосылдым. Нәтижесінде – біз заңға түзету енгізіп, нақты шешім қабылданды.

Енді микротия мен атрезия диагнозы бар балалар, тіпті мүгедектік тобы болмаса да, жергілікті бюджет есебінен есту аппаратын ала алады. Бес жылда бір рет. Жергілікті атқарушы органдар арқылы.

Бұл – бюджет үшін шағын қадам, бірақ бала мен отбасы үшін – үлкен қолдау”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар