Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері Руди Гарсия Қазақстан құрамасымен өткен ойын жайлы өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Біз матчқа мұқият дайындалдық және ойында қолданатын нақты жоспарымыз болды. Екінші таймда біздің тактикалық ойларымыздың бір бөлігін байқауға болатын еді. Бірақ Қазақстан қақпашысы керемет ойнады, жеке алғыс айтуға тұрарлық”, - деді Руди Гарсия.