Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олар адамдарды гипноздап, несие алдырып, ақшасын жымқыруға көшті". Алаяқтардың жаңа әдісі жайлы хабарланды

13:42, 15 қараша 2025 92

Алаяқтар гипноз жасауға көшкен. Олар адамдарды ешкім жоқ жерде сөйлесуге көндіріп, кейін арбап алады деп хабарланды. Бұл жайлы Alash.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.хабарлайды

 

Алаяқтар жеңіл жолмен ақша табудың тағы бір жолын ойлап тапқаны айтылды. Енді олар адамдарға хабарласып, түрлі себеп айтып, арбап, код сұрайды. Сөйлескен кезде ешкім жоқ жерге баруыңызды сұрап, сол сәттен бастап дауыс арқылы гипнозбен сананы бағындыруға көшеді. Сөйтіп несие рәсімдетіп, қаражатты өз шотына аудартады.

21 жастағы Сәния “банктенбіз” деп, қоңырау шалғандарға сеніп, 800 мың теңге cанап берген. Айтуынша, олар гипноз жасаған.

“Біз халық банк қызметкеріміз, сізге хабарласып тұрған себебіміз, кредитке рәсімдеген сіз бе?” дейді. “Жоқ” деймін.  Гипноз сияқты. Тек басқарып отырғандай. Телефонмен сөйлесіп отырмыз, мені басқарып отыр болды. Олар рәсімде дейді, мен тіпті қарыз алуды да білмеймін ғой. Олар  айтып отырды, мен тек істеп отырдым, болды”, – дейді жәбірленуі Сәния Алмабек.

Жеңіл табысты көздегендердің бұл айласын экстрасенс-медиум да растап отыр.

“Алаяқтар телефон, видеобайланыс, аудио арқылы гипноз жасай алады. Гипноз дауыс арқылы жасалды. Гипноз ұл, қыз дегенді таңдамайды. Әлсіз, аңғал адамдар ілініп қалады. Алаяқ хабарласса, “тыныш жерге бар” деп неге айтады. Өйткені екі адамның ортасында жүреді. Жанындағы адамдар кедергі етпеу керек”, – дейді Әли Хайдар.

Мәжілістегілер бұл жағдайды ескеріп, қазір несиені адамдар бірден ала алмайтындай заң қабылдаған.

“Банктер туралы" заң қабылдадық. Онда “бір күн ойлану мерзімі” енгізілді, яғни адам бірден несие ала алмайды, тек банкке жеке өзі барып рәсімдеуі керек.. Егер ақша Қазақстан аумағында болса, оны қайтаруға мүмкіндік бар, ал шетелге кетсе, қайтару мүмкін емес”, – дейді мәжіліс депутаты Сергей Понамарев.

Құзырлы орындар белгісіз адамдарды ешқандай кодты айтпауға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар