Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсете алдық - Темірлан Анарбеков

10:06, 16 қараша 2025

Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайрат» командасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков Бельгиямен өткен ойын жайлы өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Ойын қарқынды мәнерде өтті. Қиын болды. Алайда команда ойыншылары мен жанкүйерлерімізге мың алғыс. Олардың қолдауы бүгінде жақсы болды. Тіпті матч барысында бір-бірімізді есітмей жаттық. Бельгиямен бір ойыншыға кем бола тұрып, 1:1 есебімен тең ойнау - айтып түсіндіруге келмейді. Біз әлі де өз көзімізге сене алмай отырмыз. Менің ойымша, біз өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсете алдық. Болашақта командамен бірге өсіп, жеңіске жететінімізге сенімдімін”, - деді Темірлан Анарбеков. 

Айта кетейік, қазақ футболының жаңа қаһарманы Темірлан Анарбеков қарсылас тараптан жасалған 8 соққыны сәтті қайтарып, команда құрамында 8,1 балдық көрсеткішпен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар