Әнші Ерке Есмахан тыңдармандарына алаяқтардан сақ болу керектігін ескертіп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Көп оқырманым алаяқтар туралы жазып жатыр. Менің ешқандай ойынға, жарнамаға немесе ақша жинауға қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспедім, еш жерден ақша сұраған жоқпын. Сондықтан сенбеңіздер! Абай болыңыздар! Алаяқтар өтірікті таргетке шығарып, елді алдап жүр",- деп жазды Ерке Есмахан.